Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында тас жолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды (видео)

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Алматы облысында "Алматы-Бішкек" тас жолының бойындағы жанармай құю бекетінің маңынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан хабарлады.

Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне "Алматы-Бішкек" тас жолының 24-шақырымындағы жанармай құю бекетінің артында түрлі дене жарақаты бар белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар келіп түскен.

Көп ұзамай оның 38 жастағы Қызылорда облысының тумасы екені анықталды.

"Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл бап бойынша кінәлілерге 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Еске салсақ, бұған дейін пандемияның кесірінен үйде істелетін қылмыс қатары күрт өскенін жазған едік. Адамдардың ұзақ уақыт бойы оқшаулануы және ішімдікке салынуы салдарынан зорлық-зомбылық мәселесі ушығып кеткен.

Одан бөлек, Ақтөбеде 42 жастағы ер адамның денесі үйдің кіреберісінен табылғанын жазған болатынбыз.

Патрульдік полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен “ізін суытпай” 32 жастағы ер адамды ұстады.

Алдын ала тергеу барысында үйдің ішінде ер адамдар ішімдік ішіп, жан-жал кезінде күдікті ішімдік ішетін адамға бірнеше рет пышақ салғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903258-almaty-oblysynda-tas-zoldyn-boiynan-er-adamnyn-maiiti-tabyldy-video/

pixel