Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан оқушының бірі көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында мас жүргізуші көлігімен қаққан оқушының бірі қайтыс болды деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова растап отыр.

"Оқушының бірі көз жұмды. Басқа тағы екі науқастың денсаулығы жайында ақпарат бере алмаймыз. Өйткені, балалардың ата-аналары олардың денсаулығы жайында қандай да бір ақпараттың таралуына қарсы",- деді Ләйлім Әубәкірова.

Еске сала кетейік, оқиға 2 наурыз күні шамамен 18.40-та Қорам батыр ауылында болған еді.

Көлікке мас күйінде (орташа дәрежедегі) отырған ауыл тұрғыны жол шетінде тұрған төрт оқушыны қағып кеткен болатын. Олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Кейін көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл жайт мемлекет басшысын да бей-жай қалдырмады. Президент көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903270-almaty-oblysynda-mas-zurgizusi-koligimen-qaqqan-oqusynyn-biri-koz-zumdy/

pixel