Қазақстанда ертең ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы
Опубликовано:

Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз. Оңтүстік пен шығыста ауа райы құбылмалы болады. Көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді деп жазады Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметінше, Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, дейді ауа райын болжаушылар.
Сонымен қатар, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстанда бұрқасын жүруі мүмкін. Маңғыстау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр. Алматы облысында тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Түркістан, Жамбыл облыстарында көктайғақ, боран болады.
Елордада күндіз 9-11 градус суық, түнде минус 21-23 градус.
Алматыда күн бұлтты. Күндіз 0-2 градуса, түнде қар жауады, 9 градус нөлден төмен..
Шымкентте күндіз плюс 2-4 градус, түнде минус 6-8 градус.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903271-qazaqstanda-erten-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikterdin-bolzmay/