RU

Алматы маңында құлаған ұшақ "қара жәшігін" тексеру басталды

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Қазақстан үкіметі апаттың себебін анықтау үшін сараптау комиссиясы құрды. Оның құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өкілдері енді деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қазіргі уақытта комиссия мүшелері әуе кемесі құлаған жерде. Бортық жазу құралы ("Қара жәшік") табылды. Оның ішіндегі мәліметтерді тексеру жұмысы жүріп жатыр. Нәтижесі алдағы уақытта хабарланады”, - деп жазылған ұлттық қауіпсіздік комитеті сайтында.

Қаза тапқандардың туғандарымен психологтар жұмыс істеуде. Медициналық көмек көрсету үшін Алматы қаласында орналасқан комитет госпиталінің мамандары жұмылдырылған.

"Арнайы бортпен Евгениі Васильковтың ата-анасы Петропавл қаласынан Алматыға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайтыс болғандар мен жапа шеккендердің отбасылары мен туғандарына қажетті материалдық, жерлеу рәсімдерін өткізу үшін  де барлық көмек түрлерін көрсетуде.

Еске салсақ, Алматыда орын алған ұшақ апатынан 4 адам қаза тапқан еді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына қатысты пікір білдіріп, қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген.

Көп ұзамай, Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің фотосуреттерін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903274-almaty-manynda-qulagan-usaq-qara-zasigin-tekseru-bastaldy/