RU

"Азия дауысы" фестивалінің режиссері Александр Пономарев қайтыс болды

Александр
Фото: Facebook / Лека Савельева

Атақты "Азия дауысы" музыкалық фестивалінің тең құрылтайшысы және режиссері Александр Пономарев 70 жасында қайтыс болды.

Пономаревтің қазасы туралы "Хабар" агенттігінің музыкалық продюсері Татьяна Лаврик өзінің Instagram парағында хабарлады.

"Аты аңызға айналған "Азия дауысы" фестивалінің екінші негізін қалаушы, талантты режиссер, менің ұстазым Александр Сергеевич Пономарев те өмірден өтті", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, режиссер коронавируспен күрескен.

"Жүрегі бұл күреске шыдай алмады. Мәңгі есіміздесіз, Александр Сергеевич", - деп жазды Лаврик Instagram парағында.

Сондай-ақ, Александр Пономаревтің өлімі туралы хабарды Лека Савельева Facebook-те жеткізді.

"Ол аңыз адам еді. Теңдессіз. Жарқын. "Азия дауысы" халықаралық фестивалінің талантты режиссері (1990-2005 жж.). Ол бүгін кетті... Александр Пономарев мәңгі есімізде", - деді ол өзінің парағында.

Желі қолданушылары жазбаға пікір қалдырып, режиссердің жақындарына көңіл айтуда.

"Бұл сұмдық ... Александр Сергеевич Пономарев. "Азия дауысы" жетім қалды", - деп жазды Олжас Байқанов.

Еске салайық, 2020 жылдың жазында "Азия дауысының" бас продюсері Мұрат Ирғалиев коронавирустың салдарынан қайтыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903281-aziya-dauysy-festivalinin-rezisseri-aleksandr-ponomarev-qaitys-boldy/