Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобустан шығарып жіберген: Павлодарда зейнеткер мен кондуктордың жанжалы видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Куәгерлер жолаушылар автобусында кондуктор мен жолаушының арасында болған жанжалды видеоға түсіріп алды.

Ролик Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасында жарияланған. Автордың жазуынша, зейнеткерді автобустан шығарып жіберген.

"Бүгін, №1 автобуста кондуктор зейнеткермен зейнетақы куәлігінің болмауына байланысты жол ақысын толық төлеуден бас тартқаны үшін төбелесті", - делінген видеоның жазбасында.

Кадрларда кондуктор-әйелдің келесі бір әйелдің автобус салонына кіруіне мүмкіндік бермей жатқанын көруге болады. Сонымен бірге автобус қызметкерінің жолаушыға бейәдеп сөздер айтқаны естіледі.

Желідегілер кондуктордың іс-әрекетіне ашуланған. Қолданушылардың бірі дәл осы кондуктор жұмыс істейтін автобусқа мінгенін айтады. Оның сөзінше, кондуктор өзін өте дөрекі ұстаған.

Сонымен қатар роликтің астында Павлодар әкімдігінің ресми парақшасы атынан пікір қалдырылған.

"Болған жайт үшін кешірім сұраймыз. Біз парк басшылығымен бірлесіп, аталған жағдайды шешеміз. Тасымалдаушы қызметкерлерінің мұндай әрекетіне жол берілмейді және кінәлілер жазаланады", - деп жазды ведомство өкілдері.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске сала кетсек, Павлодар облысында ірі есірткі жеткізушіден 100 миллион теңгенің “синтетигі” тәркіленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903295-avtobustan-sygaryp-zibergen-pavlodarda-zeinetker-men-konduktordyn-zanzaly-videoga-tusip-qaldy/

pixel