Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстық тұрғын үйінде 4,5 келіден астам есірткі сақтаған

Опубликовано:

Фото
Фото: Polisia.kz

Полиция қызметкерлері Арыс қаласының тұрғынынан 4,5 келіден астам марихуана тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Арыс қаласының тәртіп сақшылары және аудндық прокуратура бірлесе отырып, аса ірі көлемде есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді.

Жедел уәкілдер жергілікті тұрғынның үйін тінту кезінде ерекше хош иісі бар өсімдік тектес есірткі затты тауып, сараптамаға жіберді..

Оның қорытындысы бойынша, алынған есірткінің жалпы салмағы 4,5 келіден асатын “кептірілген марихуана” болып шықты.

Аталған жайтты құқық қорғау саласының мамандары қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Бұл баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Сонымен қата, жедел уәкілдер аудан орталығына есірткі жеткізудің жолын айқындамақ.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз сақтап, таратқаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903346-arystyq-turgyn-uiinde-45-keliden-astam-esirtki-saqtagan/

pixel