Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда күн жылынады: Синоптиктер болжам жасады

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады. Айтуларынша, 16-18 наурыз күндері Қазақстанда күн жылынады деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, биік жотаның батыстан шығысқа қарай жылжуының нәтижесінде Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жоғарылайды.

Сондай-ақ еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек аптаның басында республиканың шығысы және батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Еске сала кетсек, Алматы қаласы тұрғын үй саясаты бөлімі баспасөз қызметі "Қазгидромет" РМК болжамына сілтеме жасай отырып, жаңбыр мен қар түріндегі аралас жауын-шашын 17 наурызға дейін жалғасатынын хабарлады.

Ведомство Алматыда осымен үшінші күні көктайғақтың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Көктайғаққа қарсы материалдарды жолдарда, қиылыстарда, көліктік жолайрықтардың шыға берістерінде шашу, сондай-ақ қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік пен шығыста ауа райы құбылмалы болады. Көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, дейді ауа райын болжаушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903372-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kun-zylynady-sinoptikter-bolzam-zasady/

pixel