Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мереке және демалыс күндері қоғамдық көліктер қатынай ма

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақтан шыққанша қоғамдық көліктер демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді. Бұл бір жерде халықтың жиналуын азайту үшін жасалып жатқан негізгі шаралардың бірі. Бұл дегеніміз науқастар санын да төмендету деген сөз. Науқастардың 17,5 пайызы коронавирус инфекциясын жұқтыру себебін қоғамдық көлікпен байланыстырады", - дейді Жандарбек Бекшин.

Ол коронавирус жұқтырғандар орта есеппен үш күннің ішінде ауру белгілерін сезе бастайтынын атап өтті.

"Жұқтыру ошақтары белгілі. Бұл ауруханаға жатудан бас тартқан отбасы мүшелері. Сонымен қатар жұмыс орны да ауру жұқтыру ошағы болып отыр. Анамнез жасау кезінде, ауру жұқтырғандардың айтуымен біз инфекцияның таралу мүмкін ошақтарды анықтаймыз. Бұл қоғамдық көлік", - дейді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн-брифингте қандай жағдайда Алматы қаласы толығымен карантинге жабылатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті.

Оған сәйкес, елімізде өткен тәулікте 1011 адамнан коронавирус анықталған. Олардың 342-сі Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903416-almatyda-mereke-zane-demalys-kunderi-qogamdyq-kolikter-qatynai-ma/

pixel