Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір тәулікте тағы 1000-ға жуық қазақстандықтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 954 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 127

Алматы қаласы - 297

Шымкент қаласы - 17

Ақмола облысы - 63

Ақтөбе облысы - 9

Алматы облысы - 99

Атырау облысы - 48

Шығыс Қазақстан облысы - 18

Жамбыл облысы - 19

Батыс Қазақстан облысы - 51

Қарағанды облысы - 92

Қостанай облысы - 47

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 43

Солтүстік Қазақстан облысы - 12

Түркістан облысы - 9.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 225 685-ке жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.

Сонымен қатар Бекшин оңтүстік астанада алдағы демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жүрмейтінін мәлім етті.

Оның сөзінше, Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шыққанша мереке және демалыс күндері автобус пен метро, сонымен қатар троллейбустар қатынамайды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізді.

Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903473-bir-taulikte-tagy-1000-ga-zuyq-qazaqstandyqtan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel