Коронавирус: Тағы бір өңір "қызыл" аймаққа кірді
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, тағы бір облыс "қызыл" аймаққа кірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
16 наурыздағы мәлімет бойынша, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан бөлек "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан облысы да енген.
Ал "сары" аймақта Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары тұр. Еліміздің қалған барлық өңірлері - "жасыл" аймақта.
Жалпы Қазақстан COVID-19-дың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақта тұр.
Cоңғы деректер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 954 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан.
Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 225 685-ке жетіп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізген еді.
Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізіледі.
Сонымен бірге Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.
Сондай-ақ Бекшин оңтүстік астанада алдағы демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жүрмейтінін мәлім етті.
Оның сөзінше, Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шыққанша мереке және демалыс күндері автобус пен метро, троллейбустар қатынамайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903494-koronavirus-tagy-bir-onir-qyzyl-aimaqqa-kirdi/