Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Алексей Цой жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Үкіметтің онлайн-отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цойдың сөзінше, коронавирусты жұқтыру деңгейі бойынша Қазақстан бүгінде "сары" аймақта.

"Эпидемиологиялық жағдайды бақылау матрицасына сәйкес, Қазақстан соңғы үш күнде "сары" аймақта тұр. Ел ішінде "қызыл" аймақта үш аймақ бар: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы. Аталған өңірлердің әкімдері ауру жұқтырғандар санының өсуіне байланысты егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, жедел шаралар қабылдау қажет", – дейді ол.

Сонымен қатар министр қолданыстағы шектеу шараларын яғни міндетті бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтық, вакцинация сынды шаралар сақталса, онда 2021 жылдың соңына дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың қалай болатынын болжады.

"Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне 500 жағдайға дейін тіркеледі деп күтілуде. Пессимистік сценарий бойынша сәуір айында ауру жұқтырғандар тәулігіне 1700-ге дейін жетуі мүмкін. Бірінші кезеңде вакцинаның әсеріне иммунитет қалыптасуына қажет уақыт шектеу болады. Кейіннен вакцинаның әсері күшейіп, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына әсер етеді", – дейді денсаулық сақтау министрі.

Cоңғы деректер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 954 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 225 685-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903508-qazaqstan-koronavirus-boiynsa-sary-aimaqta-coi-epidemiologiyalyq-zagdaiga-qatysty-bolzamymen-bolisti/

pixel