Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан колледждерінде қабылдау емтихандары болмайды

Опубликовано:

Қалам ұстаған студент
Көрнекі фото: piqsels.com

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәжілісте ел колледждеріндегі жаңашылдықтар туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бибігүл Асылованың айтуынша, колледждердің академиялық дербестігін қамтамасыз ету үшін алғашқы қадамдар жасалды, бұл білім беру бағдарламаларының сапасын жақсартуы керек.

Келесі қадам – ​жастардың колледжде ақысыз білім алуын кеңейту. Ол сондай-ақ мемлекеттік тапсырыстарды бөлудің ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жасалады.

"Министрлік жергілікті әкімдіктермен бірлесіп ақша нақты студентке бекіту қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орналастырудың жаңа тетігін әзірледі. Егер облыстардың білім басқармалары колледждер арасында мемлекеттік тапсырыстарды орналастырса, жаңа механизм талапкерлерге таңдау жасауға мүмкіндік береді. Жаңа тетікке сәйкес, тек оқытушылық, медициналық және шығармашылық мамандықтарындағы арнайы сынақтарды қоспағанда колледжге түсу емтихандары тоқтатылады", – деп толықтырды спикер.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға қабылдау Ұлттық тестілеу орталығы арқылы талапкерлерді білім туралы құжаттың міндетті және мамандандырылған пәндерінің бағаларына сәйкес бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Еске салсақ, сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев университет мамандарының еңбекақысын арттыруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жоғары білім ордасындағы қызметкерлердің айлығы, мектеп мұғалімдерінен едәуір төмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903554-qazaqstan-kolledzderinde-qabyldau-emtixandary-bolmaidy/

pixel