Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эвакуациялау оңай болған жоқ": Өскеменде көпқабатты үй тұрғындары уланып қалды

Опубликовано:

Улану
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде жүргізілген тарақандарды улау процесінен тұрғындар зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 13 наурыздан 14 наурызға қараған түні болған. Уланып қала жаздаған тұрғындар зиянкестермен күрес туралы ешбір ескертусіз, түнгі мезгілде жүргізілгенін түсінбей дал.

"Әйелімнің аяғы ауыр болғандықтан, оны үйден алып кетуге тура келді. Ал біз төмен түсіп бара жатқанда көршімнің жағдайы өте нашар екенін байқадым. Кіреберістегі өткір иіс салдарынан оны бесінші қабаттан эвакуациялау оңай болған жоқ", – дейді тұрғындардың бірі.

Оқиға орнына дәрігерлер мен құтқарушылар және өрт сөндірушілер келіп, тұншығып, уланған адамдарды эвакуациялады. Ал дәмхана директорының айтуынша, дәрілеуді лицензиясы бар ұйымның мердігер мекемесі жүргізген.

Қазіргі кезде бұл іске Өскемен қаласының полицейлері де араласты.

"Аталған факті бойынша материалдар жиналып, қосымша тергеу үшін Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберіледі", – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.

Айта кетейік, 15 наурызда сағат 13:30-да Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі бір қабатты жеке тұрғын үйде көлемі 27 литр газ баллоны жарылып, салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын.

Ал Алматы іргесіндегі Бесағаш ауылының таулы аумағындағы бір үй арнайы көлік жеткенше өртеніп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903567-evakuaciyalau-onai-bolgan-zoq-oskemende-kop-qabatty-ui-turgyndary-ulanyp-qaldy/

pixel