Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экипажға қоқан-лоққы көрсеткен жолаушы Ақтау-Алматы рейсінен түсірілді

Опубликовано:

Жолаушы
Видеодан кадр: lada.kz

Ақтаудан Алматыға ұшқан ұшақтың жолаушысы рейстен түсірілді. Бұл туралы SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Lada.kz.

15 наурыз күні болған оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан жолаушы мен полицейлердің сөйлесіп жатқанын, кейіннен оны ұшақ бортынан шығарғанын байқауға болады.

SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметінде Ақтау-Алматы рейсінің жолаушысы мас күйде болғанын хабарлады.

"Ол өзін деструктивті түрде ұстады. Экипажды балағаттап, қоқан-лоққы көрсетті. Оған екі рет ескерту жасалды, ал үшіншісінде командир тұраққа қайту жөнінде шешім қабылдады. Жолаушы рейстен түсірілді", - деді әуе компаниясында.

Еске салсақ, 12 наурыз күні Алматы маңында "Нұр-Сұлтан-Алматы" бағыты бойынша ұшып шыққан ҰҚК-ның АН-26 әскери ұшағы апат болған еді. Бортта болған 6 адамның төртеуі қайтыс болды.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тіледі. Көп ұзамай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімі белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті марқұмдардың суретін жариялады.

Олардың айтуынша, экипаж тәжірибелі әрі кәсіби мамандардан құралған еді. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр. Ол үшін сараптау комиссиясы құрылған.

Оның құрамына ұлттық қауіпсіздік комитеті, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің өкілдері енген. ҰҚК ұшақтың қара жәшігіндегі деректер тексеріліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903590-ekipazga-qoqan-loqqy-korsetken-zolausy-aqtau-almaty-reisinen-tusirildi-video/

pixel