RU

БҚО-да жүргізуші 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болған

Түрме
Көрнекі фото: acca.media

Батыс Қазақстан облысында жеке кәсіпкерлік жүргізушісі 8 телефонды түрмеге алып өтіп, сатпақ болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға қауіпсіздігі барынша жоғары РУ-170/3 түзету мекемесінде болған.

"Жедел қызметкерлер жүргізушінің тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефондарды мекеме аумағына алып өтуге дайындалып жатқаны жөнінде хабар алған. Н. деген жеке кәсіпкерге тиесілі, Ж. есімді жүргізуші айдаған көлік құралын тексеру барысында 8 ұялы телефон, сонша зарядтік құрылғы және 3 наушник салынған орама табылды",- деді департамент бастығының орынбасары, әділет полковнигі Нияз Рыспаев.

Айта кетейік, Алматыда алаяқтықпен айналысып, бөтеннің ақшасын иемденіп келген ерлі-зайыптылар ұсталды. Олар "Несие алуға көмектесемін" деген мазмұнда интернет-ресурстардың бірінде жарнама орналастырған. Хабарласқандарға екінші деңгейлі банктердің бірінен шот ашу қажеттігін айтып, абоненттердің бірінің нөмірін беріп, карта көрсетілген нөмірге байланған болуы керек деп сендірген.

"Содан кейін олар азаматтарды несие алу үшін алғашқы төлем төлеу қажет екеніне сендірді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырды", – деді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров. Қаскөйлер Алматы облысындағы ауылдарының бірінде ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903596-bqo-da-zurgizusi-8-telefondy-turmege-alyp-otip-satpaq-bolgan/