Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аралда ғимаратта "бомба бар" деп жалған ақпарат берген 9 жасар қыз бала әшкере болды

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысы Арал аудандық өрт сөндіру бөлімне 9 жасар қыз бала хабарласып, ғимаратқа бомба қойылғанын айтқан деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, 11 наурыз күні сағат 11.30 шамасында аудандық №3 өрт сөндіру бөліміне белгісіз біреу ұялы телефоннан қоңырау шалып, “ғимаратта бомба барын" айтқан.

Облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Оразовтың сөзінше, хабарлама түскеннен кейін терроризмге қарсы жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген.

"Нәтижесінде "жалған терроризм" дерегі туралы хабарлаған Арал қаласының 2012 жылы туған тұрғыны екені, оның үшінші сынып оқиытыны анықталды", - дейді Оразов.

Оның сөзінше, мұндай жалған ақпарат таратқандарға Қылмыстық кодекстің 273 бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша жауапкершілік қарастырылған. Бұл бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен бірге күдікті хабарламаны тексеруге тартылған мемлекеттік органдардың материалдық шығынын өтеуі тиіс екен.

"Жалпы "жалған терроризм" туралы хабарлама тарату қылмыстың ауыр түріне жатады. Сондай-ақ, заңға сәйкес, кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы үшін оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады. Біреулерге мұндай әрекеттер баланың ойыны, еш зияны жоқ әрекет болып көрінуі мүмкін.

Бірақ түскен ақпаратты ойын деп есептеп, тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда, оның соңы адам шығына, басқа да материалдық залалдарға әкеліп соғуы мүмкін. Әрі жалған ақпарат таратушыны табу үшін де құзырлы органдар белгілі бір материалдық-техникалық ресурстарды, қаражатты және жұмыс уақытын шығындауға мәжбүр болады", – деді облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Усаин Медет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903602-aralda-gimaratta-bomba-bar-dep-zalgan-aqparat-bergen-9-zasar-qyz-bala-askere-boldy/

pixel