RU

Екібастұзда 14 жастағы жеткіншек танысын бөтелке сынығымен өлтірген

Мәйіт
Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Екібастұзда 14 жастағы жеткіншек 28 жастағы ер адамды өлтірді. Оқиға үй шатырында болған. Жақында бала 15 жасқа толады. Павлодар обллысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Павлодар-онлайн.

Солнечный ауылының тұрғыны Артур Баталов өткен жылдың тамыз айында қаза тапқан. Қазір оның кішкентай қызы әкесіз өсіп келеді. Ал сот алдына жақында ғана 15 жасқа толған жеткіншек келді. Ол қылмысқа барғанда 14- те болған.

Үкімге сүйенсек, 3 тамыз күні Артур Баталов, 14 жастағы жеткіншек пен оның екі танысы Солнечный ауылындағы үйдің шатырына шығып, ішімдік ішкен. Бір уақытта мектеп оқушысының жағдайы нашарлап, құса бастайды, ал Артур оған ескерту жасайды. Осы тұста жастардың арасында кикілжің туады. Жеткіншек бөтелкені сындырып, оның сынығымен танысының мойнынан ұрады.

Қанға оранған жәбірленуші өз пәтері тұрған қабатқа түсіп, әйелін шақырған. Сәлден кейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Псхологиялық сараптама бала қылмысқа барған уақытта өз ісіне жауап бере алатын жағдайда болғанын растады. Жеткіншектің анасында бала тәрбиелеуде көп қиындық туындаған, мектеп оқушысы өзін үнемі агрессивті ұстап, сабақты бөліп, басқа балаларды ұратын болған. Жеңілдететін мән-жайлар мен баланың кәмелетке толмауын ескере отырып, жасөспірімге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігінің (Кісі өлтіру) ең төменгі шегінде жаза тағайындалды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын кәмелетке толмағандарға арналған колонияда өтеуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903610-ekibastuzda-14-zastagy-zetkinsek-tanysyn-botelke-synygymen-oltirgen/