Қазақстан мен Ресей аумағында коронавирустың өзіндік штаммы болуы мүмкін
Опубликовано:

Қазақстан мен Ресей аумағында COVID-19 қоздырғышының өзіндік нұсқалары пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының басшысы Александр Гинцбург Sputnik Қазақстанға онлайн-брифинг барысында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық ғылыми орталықтың басшысы Александр Глинцбургтың мәлімдеуінше, әлемде коронавирустың тек африкалық, британиялық штаммдары ғана емес, Ресей мен Қазақстан территориясында пайда болған штаммы да болуы мүмкін.
"Спутниктің" ковидті қоздыратын британиялық нұсқасын бейтараптандыратыны тәжірибемен тексерілді. Қоздырғыштардың басқа нұсқаларына келер болсақ, жұмыс ілгерілеуде, 1-2 аптаның ішінде мен сізге "Спутник V" вакцинасының басқа штамдардан қалай қорғайтынын айта алуым мүмкін.
Шынымды айтсам, Қазақстан мен Ресей аумағында қоздырғыштардың жаңа нұсқасы қалыптасып жатқан болуы ықтимал", - дейді спикер.
Сонымен бірге Глинцбург ресейлік және қазақстандық мамандар жаңа штаммдарды бүгін анықтап, содан кейін ол "Спутником V" препаратымен бейтараптана ма - жоқ па деген сауалға жауап табуы тиіс екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағында оба, туляремия, геморрагиялық қызба, сібір жарасы және басқа зоонозды инфекциялардың табиғи ошақтары бар екенін мәлімдеді.
Министр алдағы эпидемиялық маусымға байланысты өңір әкімдері халық арасында ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу шараларын уақытылы жүзеге асыру қажет екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903613-qazaqstan-men-resei-aumagynda-koronavirustyn-ozindik-stammy-boluy-mumkin/