Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

Опубликовано:

Халық санағы
Көрнекі фото: ic24.kz

Қазақстан халқының саны 18 млн 877 мыңға өсті. Бір жыл ішінде халық саны 245 мыңға артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Instagram парақшасында хабарлады.

2021 жылғы 1 қаңтарға еліміздегі халық саны 18877,1 мың адамды , оның ішінде қалалықтар – 11149,7 мың (59,1%), ауылдықтар – 7727,4 мың адамды (40,9%) құрады.

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245,0 мың адамға немесе 1,3% өсті.

Ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,5 мың адам) және Шымкент (38,0 мың адам) қалаларында тіркелген.

Еске сала кетсек, елімізде Түркістан облысы ең кедей өңір болып танылды. Сарапшылардың бағалауынша, облыстағы әрбір оныншы тұрғынның тұрмысы кедейлік шегінен төмен. Сонымен бірге бұл өңір - халық ең тығыз орналасқан аймақ.

2020 жылдың төртінші тоқсанындағы статистикаға сүйенсек, Түркістан облысында 2 миллионнан астам адам бар.

Сарапшылардың пікірінше, бұл жалпы Қазақстан халқының 10 пайызынан астамын құрайды. Сонымен бірге өңірде бала туу көрсеткіші де жоғары.

Алайда жан басына шаққандағы өңірлік ішкі жалпы өнім бойынша облыс елдегі ең төменгі көрсеткішке ие болып отыр. Сарапшылардың есебі бойынша, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 70,2 пайызға төмен көрсеткіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903631-qazaqstan-xalqynyn-sany-19-millionga-zuyqtady/

pixel