Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда марихуанамен ұсталған полицейлер тергеу абақтысына қамалды (видео)

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырауда жуырда марихуанамен ұсталған екі әкімшілік полиция қызметкері тергеу абақтысына қамалды.

Бұл ақпаратты Атырау қаласының тергеу соты растады. Қазіргі уақытта полицейлерден тәркіленген марихуана химиялық сот сараптамасына жіберілді.

Ал Ақ Жайық басылымы полиция департаменті екі қызметкерді бұрынғы күнмен жұмыстан босатты ма, әлде органдарда жұмыс істегенін жасырып отыр ма деген мәселені тексеруді ұйғарған.

"Полиция департаменті әдеп жөніндегі комиссиясы ұсталған қызметкерлердің ісін қарады. Комиссия қорытындысына сәйкес, олар жағымсыз әрекеттеріне байланысты ішкі істер органдарынан босатылды", - деп жауап берді Атырау облысы бойынша ПД басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-тармағы ("Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша жүргізіледі.

Айта кетейік, Бұған дейін Түркістан облысында Жұмабек деген азаматқа сүйеніп, жол ережесін өрескел бұзған көлік жүргізушісі қоғамда қызу талқыға түскен еді. Кейін облыстық полиция департаменті Жұмабек есімді полиция қызметкерінің бар екенін хабардар еткен болатын. Белгілі болғандай бүгінде ол атқарып отырған лауазымынан босатылған.

"Ішкі істер министрінің 2020 жылғы нөмірі 358 бұйрығымен бекітілген полиция стандарттарын бұзғандығы үшін Отырар аудандық бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Жұмабек Төлеген атқарып отырған лауазымынан босатылды", - дейді Түркістан облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903664-atyrauda-marixuanamen-ustalgan-policeiler-tergeu-abaqtysyna-qamaldy-video/

pixel