RU

"Подъезде шешіндірген": Көкшетаулық жігіт түнде серуендеуге шыққан әйелді зорламақ болды

Зорлау фактісі1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қылмысқа қарсы күресті күшейту, қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 12-18 наурыз аралығында Ақмола облысында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері әйел зорлауға оқталған күдіктіні анықтады.

13 наурызда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан шамамен түнгі сағат 03.00-де белгісіз біреудің үйінің кіреберісінде күштеп киімін шешіп, зорлауға тырысқаны туралы арыз келіп түскен.

Жәбірленушінің ұйқысыздық салдарынан түнде серуендеуге шыққаны белгілі болды. Көршілердің көмегінің арқасында әйел қылмыскердің құрығынан құтылуға мүмкіндік алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Бурабай ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі арқылы 120-бабының 1-бөлігімен (Зорлауға оқталу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының кәмелет жасқа толмаған тұрғыны өгей әкесі тас жолға шығарып тиіскенін, зорлаймын деп қорқытқанын айтқан еді. Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл жайтқа қатысты елордалық полиция да тіл қатты.

"5 наурыз күні қала тұрғыны Есіл аудандық полиция басқармасына автокөлік салонында кәмелет жасқа толмаған қызын жыныстық іс-қимылға итермелегені үшін азаматтық күйеуін қылмыстық жазаға тарту фактісі бойынша арыз тастады. Тергеу барысында оқиғаның Нұр-Сұлтан- Көкшетау автожолында болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр"- деді департаментте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903668-ui-kireberisinde-sesindirgen-aqmola-oblysynda-aiel-zorlamaq-bolgan-azamat-ustaldy/