Қауіпті індет: Қазақстанның неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облыстары тұр.

Ал "сары" аймақта Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары орналасқан. Еліміздің қалған өңірлері - "жасыл" аймақта.

Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес "сары" аймақта орналасқан.

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1082 адам тіркелді. Олардың дені Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 226767-ге жетіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз екенін жеткізген еді.

Соған байланысты Нұр-Сұлтанда 21 наурыздан бастап локдаун енгізіледі.

Сонымен бірге Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифингте қалада қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтқан болатын.

Сондай-ақ Бекшин оңтүстік астанада алдағы демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің жүрмейтінін мәлім етті.

Оның сөзінше, Алматы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан шыққанша мереке және демалыс күндері автобус пен метро, троллейбустар қатынамайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903684-qauipti-indet-qazaqstannyn-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/