Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте "банк қызметкері" тұрғынның 900 мың теңгесін иемденіп кетті

Опубликовано:

Алаяқ1
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкенттік алаяқ банк қызметкері ретінде хабарласып, жәбірленушінің 900 мың теңгесін иемденіп кетті деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

2021 жылдың 11 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз біреу өзін "Kaspi" банк қызметкері ретінде таныстырған.

Жәбірленушіге "Kaspi" карточкасының пин кодын ауыстыруын айтып, карточкасында болған 900 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалған. Орын алған оқиға Еңбекші ауданы полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық іс тіркелген. Еңбекші ауданы полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті азаматша анықталып, ұсталды.

Күдіктінің басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903693-symkentte-bank-qyzmetkeri-turgynnyn-900-myn-tengesin-iemdenip-ketti/

pixel