Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, қар, көктайғақ: Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, 18-20 наурыз аралығында Қазақстанда қолайсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы күндері Қара теңіз циклоны Қазақстан аумағына ауысып, ол республиканың барлық өңірін қамтиды.

Өз кезегінде бұл бұлтты құйын жаңбыр мен қар түріндегі мол жауын-шашынның түсуіне себеп болады. Сонымен бірге, қатты жел, көктайғақ пен тұман күтіледі.

Еске сала кетсек, бүгін, 17 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің батысында және оңтүстікбатысында атмосфералық фронттарға байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында жел қарқыны кей жерлерде 23-28 м/с дейін. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады, жел екпіні - 15-20 м/с.

Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады.

Жаяу бұрқасын көтеріледі. Атырау, күндіз Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903723-zanbyr-qar-koktaigaq-sinoptikter-aldagy-us-kunge-aua-raiy-bolzamyn-zasady/

pixel