RU

Елордада ер адам 84 жастағы қарияны пышақпен қорқытқан

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада 84 жастағы қарияны соңынан аңдып жүріп тонаған күдікті ұсталды деп хабарлайды Қазaқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, күдікті қарияның соңына банктен депзиттегі ақшасын алып шыққан бойда түскен.

"Дәрі аламын" деп шешкен 300 мың теңгесін алып, қарттың бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген ғимаратқа кіргені белгілі болды.

Осы уақытта артынан бейтаныс адам келіп құлатып, үстелдегі пышақты қарияға оқтап, ақшасын тартып алады.

Полиция күдіктіні көп ұзамай қолға түсіргенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұсталған 42 жастағы елорда тұрғыны бұрын да бірнеше рет сотталған.

Оның кінәсін мойындағаны айтылды.

Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалуда.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр", - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Алматы қаласында дүкенге қарулы шабуыл жасалғанын жазған едік. Шабуыл жасаған төрт адамның екеуі тез арада қолға түскен.

Шабуылдың басқа қатысушыларының жеке бастары анықталып, оларды ұстау бойынша шаралар қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903735-elordada-er-adam-84-zastagy-qariyany-pysaqpen-qorqytqan/