Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Toyota Land Cruiser көлігінен оқ атқан "братва" видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жігіттер
Видеодан кадр: Әлеуметтік желілер

Әлеуметтік желіде Toyota Land Cruiser көлігімен артқа қарай жүріп, қарудан ауаға оқ атып "Братва!" деп айқайлаған жігіттердің видеосы тарап жатыр. Оқиғаның Шымкентте болғаны белгілі болды. Жас жігіттердің әрекеті қалалық полиция департаментінің назарына ілікті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бастапқыда Toyota Land Cruiser көлігінің артқа қарай жүргені, жол қозғалысының басқа қатысушыларына белгі беріп, маневр жасағаны көрсетіледі. Содан кейін қымбат көліктердің жанында қолдарына қару ұстап тұрған жігіттердің видеосы көрсетілген. Олар "Братва" деп айқайлап, ауаға оқ атқан.

Видеоны Шымкент полиция департаменті зерттеген. Анықталғандай, Land Cruiser жүргізушісі жол ережесін 6 наурызда бұзған екен. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сонымен бірге қазіргі таңда тәртіп сақщылары видеода бейнеленгендердің бәрін анықтап жатыр. Бүгінде белгісіз қарудан оқ атқан жігіттердің аты-жөні кім екені белгілі болған.

Облыстық полициия департаментінің мәлімдеуінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293 бабы, 3 бөлімі, 2 тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс аяқталғаннан кейін әрбір қатысушының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады", - дейді ведомство.

Осы ретте жол талғамайтын көліктің жүргізушісі видеоүндеу жасап, істеген ісіне өкінетінін айтып, Шымкент тұрғындарынан кешірім сұрап үлгергенін айта кеткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903737-symkentte-toyota-land-cruiser-koliginen-oq-atqan-bratva-videoga-tusip-qaldy/

pixel