Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәйітті құдыққа тастаған: Қостанайда әйелін жұртпен бірге іздеген ер адам күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны 21 жастағы әйелін тұншықтырып, оның мәйітін құдыққа тастаған деген күдікке ілінді деп хабарлайды tobolinfo.kz.

Басылым мәліметінше, 8 наурыз қарсаңында Қостанай облысындағы Лаврентьевка ауылының тұрғыны әйелінің жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған.

36 жастағы ер адам жұбайы үйден кеткен соң байланысқа шықпай жатқанын мәлімдеген. Айтуынша, әйелі екі жастағы ұлын үйінде қалдырып кетіпті.

Жоғалған келіншекті полиция, ауыл тұрғындары мен оның күйеуі іздестіргені белгілі болды. Алайда біршама уақыт өткен соң жоғалған әйелдің күйеуі күдікке ілінген.

Белгілі болғандай, жас келіншек күйеуімен ажыраспақшы болған. Полиция болжамы бойынша, екеуі жанжалдасып, 36 жастағы ер адам әйелін тұншықтырып, оның денесін құдыққа тастаған. Ал анасына әйелі киім-кешегін жинап үйден кетіп қалғанын айтқан.

Әйелдің денесі 8 наурызда табылып, келесі күні марқұмның мәйіті жер қойнына тапсырылды.

Екі жастағы бала қазір күдіктінің туыстарының үйінде тұрып жатыр. Ер адам қамауға алынды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903742-maiitti-qudyqqa-tastagan-qostanaida-aielin-zurtpen-birge-izdegen-er-adam-kudikke-ilindi/

pixel