Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Жасыл" аймақта тұрған өңірлерге Наурыз мейрамын тойлауға бола ма

Опубликовано:

Наурыз тойы
Көрнекі фото: today.kz

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақта тұрған өңірлерде Наурыз мерекесін өткізуге қатысты қандай талаптар қойылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қиясовтың сөзінше, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" және "сары" аймақтағы өңірлерге Наурыз мейрамына орай өткізілетін бұқаралық іс-шараларды барынша қысқартуға кеңес береді.

Ал "жасыл" аймақта тұрған өңірлерге ДСМ іс-шараларды аз ғана адаммен немесе онлайн өткізуге кеңес береді.

"Жасыл аймақтарда" іс-шараларды аз ғана адаммен немесе онлайн ұйымдастыруды ұсынамыз. Іс-шаралар ауқымын әр өңірдің бас санитарлық дәрігерлері өздері анықтайды", – деді ол.

Қиясовтың айтуынша, еліміздің әр аймағындағы бас санитарлық дәрігерлер санитарлық шараларға байланысты барлық тыйымдар жазылған өз қаулысын шығарады.

Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл аймақта".

Осыған байланысты елордада жексенбі – 21 наурызда локдаун енгізіледі. Қалада барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды.

Сонымен қатар Алматыда да карантин күшейтіліп отыр.

Жалпы биылғы Наурыз мерекесінде аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5 күн яғни 20 наурыздан бастап 25 наурызға дейін демалады.

Заң бойынша елімізде Наурыз мейрамына орай 21-23 наурызда үш күн демалыс беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903816-qazaqstannyn-zasyl-aimaqtarynda-nauryz-meiramyn-toilauga-bola-ma/

pixel