Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елінде коронавирустың тарағанын жоққа шығарып келген Танзания президенті дүниеден озды

Опубликовано:

Танзания президенті
Фото: Getty Images/Guliver

Танзания президенті Джон Магуфули 62 жасында өмірден өтті. Мемлекет басшысының қазасы туралы ақпаратты елдің вице-президенті Самиа Сулуху Хассан растады.

"РИА Новостидің" хабарлауынша, бірқатар ақпарат көзі Магуфули коронавирустан көз жұмды деген болжам жасауда.

Магуфулидің өзі болса, пандемиямен күресудің ғылыми тәсілдерін жоққа шығарып, елінде коронавирустың жоқ екенін айтумен болған еді.

Бұған дейін Танзанияның оппозициялық саясаткері Тунду Лиссу президенттің Үндістанда COVID-19-дан емделіп жатқанын мәлімдеген болатын.

Оппозиция өкілінің айтуынша, ол бастапқыда яғни коронавирус анықталғаннан кейін Кенияда емделген.

Шетел бұқаралық ақпарат құралдары да Магуфулидің дерті туралы жазуда. Кениядағы танымал портал екі аптаға жуық көпшілік алдына шықпаған Африка елдерінің бірінің басшысы COVID-19-бен Найробидегі ауруханаға жатқызылғанын жария еткен.

Магуфулиді өкпені жасанды желдету аппаратына қосқаны туралы ақпарат тарағанына қарамастан, Танзания премьер-министрі президенттің коронавирус жұқтырғаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

Заң істері бойынша министр мен елдің Намибиядағы елшісі де дәл осындай мәлімдеме жасаған.

Басылым атап өткендей, Магуфули Танзанияда SARS-CoV-2 мүлде жоқ екендігін айтып, ел билігі вакцинаны сатып алуды көздемейтінін алға тартқан.

Президент танзаниялықтарды аурумен күресу үшін үш күн бойы дұға етуге шақырған.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, Танзания елі коронавирустың таралуына қатысты жаңа деректерді 2020 жылдың мамырынан бері жария етпеген. Сол кезде онда COVID-19 жұқтырудың 509 жағдайы анықталып, 21 өлім тіркелген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903870-elinde-covid-taraganyn-zoqqa-sygaryp-kelgen-tanzaniya-prezidenti-dunieden-ozdy/

pixel