RU

Нұр-Сұлтан мен Алматы көш басында: Бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты соңғы деректерді жария етті. Мәліметке сәйкес, өткен тәулікте Қазақстанда 1186 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 307
  • Алматы қаласы - 318
  • Шымкент қаласы - 23
  • Ақмола облысы - 55
  • Ақтөбе облысы - 32
  • Алматы облысы - 86
  • Атырау облысы - 38
  • Шығыс Қазақстан облысы - 18
  • Жамбыл облысы - 11
  • Батыс Қазақстан облысы - 64
  • Қарағанды облысы - 100
  • Қостанай облысы - 45
  • Қызылорда облысы - 4
  • Маңғыстау облысы - 8
  • Павлодар облысы - 44
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21
  • Түркістан облысы - 12.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 227 953-ке жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған азаматтардың вакцинация паспорты пайда болғаны туралы мәлімдеген еді.

Ол вакцинация паспорты "Спутник V" вакцинасының екі дозасын қабылдаған қазақстандықтарға қолжетімді екенін атап өтті.

Оған қоса, 17 наурызда Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласындағы күрделі ахуалға тоқталған болатын.

Президенттің айтуынша, бұл саладағы көптеген көкейтесті мәселелер қауіпті індетпен күрестің көлеңкесінде қалып қойып жатыр. Оның үстіне президент жалпы азаматтардың медициналық қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903873-nur-sultan-men-almaty-kos-basynda-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-belgili-boldy/