Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 400 адам жиналған көкпар ойыны тоқтатылды

Опубликовано:

Көкпар
Көрнекі фото: talbesik.kz

Шымкенттік полицейлер 400 адам жиналған Ақтас жайлауындағы көкпарды тоқтатты деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаменті Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы кезекті көкпар ұйымдастыру жайтын анықтады. Ұлттық спорт жанкүйерлері карантиндік шектеулерге қарамастан Ақтас жайлауында көкпар ұйымдастырған. Аталған хабарлама бойынша полицейлер бірден әрекет етіп, көкпар ойынын тоқтатты.

Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар жинақтап, заңды шара көру үшін тиісті басқармаға жолдады.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері азамттардан карантиндік шектеулерді, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға шақырады.

Белгіленген талапты сақтамай, көкпар ойынына келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1903960-symkentte-400-adam-zinalgan-kokpar-oiyny-toqtatyldy/

pixel