Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Науқас інісін пышақтап өлтірген 17 жастағы бозбаланың әрекеті елді дүрліктірді

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қырғызстанда 17 жастағы бозбала сырқат інісін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.

Басылым мәліметінше, 17 наурыз күні Бішкек қаласы, Первомайский аудандық ішкі істер бөлімінің 102 нөміріне Мурас-Ордо тұрғын алабындағы жекеменшік тұрғын үйден кәмелеттік жасқа жетпеген баланың мүрдесі табылғаны хабарланған.

Қайтыс болған бала 13 жаста. Туыстарының айтуынша, талма ауруына шалдыққан жасөспірім үнемі күтімді қажет еткен. Сол күні таңертең ата-анасы жұмысқа кетіп, баланы 17 жастағы ағасына тапсырып кетіпті.

Белгілі болғандай, баланың өлі денесін жұмыстан оралған анасы көріп, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Ол уақытта үлкен ағасының үйде отырмағаны айтылды.

Кейінірек ол қашып жүрген жерінен қамыс арасынан табылды. Ұсталған бозбала үйде інісіне жарақат салып, жуып-шайған пышағын көрсеткен.

Басылым мәліметінше, ағайындылар арасында жанжал туындаған. 13 жастағы бала жарақаттары салдарынан есін жинамастан көз жұмған.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1903991-nauqas-inisin-pysaqtap-oltirgen-17-zastagy-bozbalanyn-areketi-eldi-durliktirdi/

pixel