Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуім әкесінің көзінше шешіндіріп сабады": Қазақстандық әйел елден көмек сұрады (видео)

Опубликовано:

Әйел
Фото: "Азаттық рухы" басылымы

Қазақстандық Эльвира Келмағамбетова Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұрады. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy басылымы.

"Мен - Әліби және Саида есімді екі баланың анасымын. Балаларыммен жүздеспегеніме 1 жылдан асты. Менің қолымда балалардың тұратын жерін анықтау туралы сот шешімі бар. Мен 2020 жылы сотта балаларыммен бірге болу құқығым үшін күрестім. Алайда, балаларымның әкесі ол шешімді орындап отырған жоқ. Мен оның басшысына хат жазып, көмек сұрадым. Алайда, одан да ешқандай нәтиже болмады», - дейді Эльвира.

Балаларына жете алмай отырған ана Қазақстандағы заңдардың іс жүзінде орындалмайтынын айтып қынжылды. Оған мысал ретінде Сымбат Құлжағарованың оқиғасын келтірді.

«Президент мырза, сізден Конституцияның кепілі ретінде көмек сұраймын. Мемлекеттік органдар өз жұмысын атқармайды. Менің балаларым қайда, оларға не болғанын білмеймін, менің олармен еш байланыса алмаймын. Маған көмектесуіңізді сұраймын", - деп жазды ол.

Эльвираның айтуынша, ол алты жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген.

"Күйеуім менің қабырғамды, саусақтарымды сындырған. Шашымды жұлып, металмен ұратын. Ол – "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты. Өзгелердің алдында үлгілі болып көрінеді. Мен енді бұл адамның үйде қандай екенін, не істегенін айтайын.

Мәселен, мына жағдай: Мен ауылда ата-енеммен, балаларыммен бірге төрт жыл тұрдым. 2019 жылдың жазы еді... Апта соңына қарай, жұма күні ол (жолдасы-ред) келді. Ұшып келетінін ескерткен жоқ. Кешкі сағат жетілер шамасы болатын. Мен жуынатын бөлмеде едім. Ол үйге ашулы түрде кірді де, телефонымды тартып алды.

Мен көшеге қарай қашып үлгердім. Сыртта оның әкесі тұр екен. Мен әкесінен оны тоқтатуды сұрадым. Алайда, әкесі тоқтатуға оқталмады.

Сосын ол менің ішімнен тебе бастады. Мен одан тоқтауын өтіндім. Содан кейін ол айқайға басты. Мұның бәрі оның әкесінің көз алдында болды. Күйеуім мені тыржалаңаш етіп шешіндіріп, сабады. Кішкентай Саида бәрін көрді. Сосын мені үйге сүйреп әкелді. Бөлмеге кіргізді де есікті орындықпен жапты.

Мен қорыққанымнан қабырғаға қарай тақалып отырып алдым. Ол мені еденге жатқызып сабады. Менің үстіме отырып алып, бетімнен, ішімнен және кеудемнен ұрды", - деп жазды Эльвира.

Оның жазбаларынан белгілі болғаны, сот шешімі орындалмағаны үшін әкімшілік сот өтеді. Мекен-жайы белгісіз балаларды полиция қызметкерлері іздеуге кіріседі.

Эльвира президент пен ҚР ІІМ, қоғам қайраткерлерінен көмек сұрауда. Ол өзінің экс-жолдасы секілді үш бірдей адвокат жалдауға қаражаты жоқ екенін жазды.

Бұл мәселеге қатысты Newtimes.kz агенттігі Нұр-Сұлтан полициясынан жауап алған. Департаментте 15 наурыз күні елорда тұрғыны әкесімен бірге тұратын балаларының мекенжайын анықтау үшін арыз жазғанын айтқан. Ол балалардың әкесімен ұзақ уақыт сөйлеспеген.

"33 жастағы келіншектің балалардың әкесімен ресми түрде некеге тұрмағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде",- делінген құқыққорғаушылар хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904001-kuieuim-akesinin-kozinse-sesindirip-sabady-qazaqstandyq-aiel-elden-komek-surady-video/

pixel