Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен әкімінің неліктен айыппұлдың жартысын ғана төлегені белгілі болды

Опубликовано:

Жақсылық Омар
Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері Өскемен әкімінің айыппұлды қалай төлегенін айтты деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін Жақсылық Омар қоғамдық орында маска тақпағаны үшін айыпталған еді.

Департаменттің мәлімдеуінше, оған жеке тұлға ретінде 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынған. Ал қала әкімі 43 755 теңге (15 АЕК) төледі.

"Айыппұл бір апта ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік жасалады", – деп түсіндірді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға қоғамдық орындарда маскасыз жүргені үшін айыппұл салынған еді.

6 наурызда Өскемендегі Александров атындағы спорт сарайында өткен іс-шарада тек қала басшысы ғана емес, маска тақпаған спортшы Ольга Рыпакова да көзге түскен болатын.

"Өткен аптада заң бұзушылық туралы тиісті хаттама тіркелгеннен кейін әкім белгіленген айыппұлды төледі", - дейді әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.

Сонымен бірге карантин талаптарын сақтамаған олимпиада чемпионына да айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904015-oskemen-akiminin-nelikten-aiyppuldyn-zartysyn-gana-tolegeni-belgili-boldy/

pixel