Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желдің күшеюі, найзағай, жауын-шашын: Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі сурет: pixabay.com

19 наурызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК синоптиктері назарға ұсынды.

Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон республиканың барлық аймақтарына әсер етеді, онымен бірге жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады.

Желдің күшеюі, найзағай, солтүстік батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік шығысында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болмақ. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтілуде.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде.

Жамбыл, Қарағанды, күндіз Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді деп күтілуде, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде – көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с болып, түнде екпіні 23 м/с дейін жетпек.

Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, тұман болуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Манғыстау, Ақмола, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904055-zeldin-kuseyui-naizagai-zauyn-sasyn-sinoptikter-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel