Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқоңырда алаяқтық жасады деген күдікпен қарт кісі сотталмақ

Опубликовано:

Әжей
Көрнекі фото: pixabay.com

"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы аса ірі көлемде зейнетақы төлемдерін алу кезінде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген 63 жастағы қала тұрғынының ісін қазақстандық құқыққорғау органдарына жіберді. Бұл туралы құзырлы органнның ресми сайтында хабарланды.

Тергеу мәліметінше, айыпталушы зейнеткер Ресей Федерациясының зейнетақы қорынан төлемдерді ала отырып, бір уақытта Қазақстанда да зейнетақы алып жүргенін қасақана жасырып қалған. Бұл жағдай 2016 жылдың ақпанынан 2020 жылдың ақпанына дейін жалғасып келген.

Егде жастағы әйел мұндай әрекеттерімен Байқоңыр бойынша Ресей федерациясының зейнетақы қоры бөліміне 480 мың рубльдан (2,7 млн теңгеден астам) астам шығын келтірген. Бұл туралы кешен прокуратурасы мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, алаяқтық фактісі тексеріс кезінде анықталған. Айыпталушы Қазақстан азаматшасы болғандықтан оған қатысты қылмыстық іс ҚР құқыққорғау органдарына жіберілген.

Қазақстандық заңнамаға сәйкес, зейнеткерге мүлкі тәркілене отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілу мүмкін. Оған қоса, ол өмір бойына белгілі қызметтермен айналысу құқығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904106-baiqonyrda-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-qart-kisi-sottalmaq/

pixel