Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының тағы 22 мектебі жарылыс болатыны туралы хабарлама алды (фото)

Опубликовано:

Саперлер
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы мектептеріне бомба қойылғаны туралы ақпаратқа қатысты жаңа деректер шықты. Қоқан-лоққы сипатындағы хабарламаны 30-дан астам мектептің алғаны анықталып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, қазіргі сәтте жарылыс туралы хабарламаны 34 мектеп алған.

Саперлер 18 білім беру мекемесін тексеріп үлгерген. Ғимараттардан жарылғыш зат табылмапты.

Бомба
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ПД

Бомба
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ПД

Бомба
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ПД

Бомба
Оқиға орны. Фото: Алматы қаласы ПД

Еске сала кетсек, белгісіз азамат Алматыдағы 12 мектептің поштасына оларды жарып жіберетіні жайы жазылған хат жіберген еді.

"Бұл туралы 12 жалпы білім беру мекемесінің электронды поштасына келген хаттардан белгілі болды. Онда белгісіз азамат ақша жіберуді талап етеді. Ақша жібермеген жағдайда ол мектеп ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытуда", - дейді полиция департаментінде.

Бүгінде бұл ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 273-бабы - "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы көрінеу жалған ақпарат" дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

"Жасырын хат жолдаушының жеке басын анықтау және оны одан әрі ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полицейлер.

Айта кетсек, бұған дейін ШҚО-да бір мектептің отызға жуық оқушысы инфекцияға шалдыққанын жазған едік.

Екі жүз жетпіс екі бала білім алатын мектеп карантинге жабылып, оқушылар онлайн форматта оқуға көшкен. Дәрігерлер балалар энтеровирусты инфекцияға шалдықты деген күдік бар деп отыр.

Олар жиырма тоғыз баланы қарап, денсаулығын тексергенін мәлім етті. Қазір оқушылардың тоғызы ауруханада жатыр. Он алты бала үйінде ем алуда. Ал білім ордасында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жұмыс істеп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904131-almatynyn-tagy-22-mektebi-zarylys-bolatyny-turaly-xabarlama-aldy/

pixel