Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирустың "британиялық", "бразилиялық" түрі болуы мүмкін штамдар анықталды

Опубликовано:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook парақшасында ел аумағында коронавирустың "британиялық", "Оңтүстік африкалық" және "бразилиялық" штамы болуы мүмкін мутация анықталғанын айтты. Қазақстанда бұл штамдардың нақты бар-жоғы бір ай ішінде белгілі болмақ.

Цойдың хабарлауынша, денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда таралған коронавирустың өзге де штамдарына зерттеу жүргізуде.

Елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, шетелдік штамдарды анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілген.

"2021 жылғы 17 наурызда Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы филиалының референс-зертханасы Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардан алынған зертханалық үлгілерді зерттеді.

Зерттеу нәтижелері бойынша "британдық", "Оңтүстік Африка", "бразилиялық" штамдарға ұқсас мутация анықталды.

Мутацияны және оның осы штамдардың біріне жататынын нақты растау толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін бір ай ішінде белгілі болады", - дейді министр.

Сонымен бірге Цой Қазақстанда қолданылып жатқан ресейлік вакцинаның "британиялық" штамға қарсы әсер ететінін атап өтті.

"Н.Ф.Гамалея атындағы Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының мәліметі бойынша қазір Қазақстан Республикасында қолданылып жатқан "Гам-КОВИД-Вак" (Спутник V) вакцинасының "британиялық" штамға тиімділігі дәлелденді", - дейді Алексей Цой.

Айта кетейік, бұған дейін "Спутник V" вакцинасын әзірлеген орталықтың басшысы Александр Гинцбург Қазақстан мен Ресей аумағында коронавирустың өзіндік штамы болуы мүмкін екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904161-elimizde-koronavirustyn-britaniyalyq-ontustik-afrikalyq-zane-braziliyalyq-turi-boluy-mumkin-stamdar-anyqtaldy/

pixel