Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетау тұрғыны 51 жастағы әйелін ұрып, қабырғасын сындырған

Опубликовано:

Тұрмыстық зорлық-зомбылық
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көкшетау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін соққыға жығып, қабырғасын сындырған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш жайт 2021 жылдың 16 наурызында болған. Сол күні Көкшетай полиция басқармасының кезекші бөліміне аурухана медбикесінен қоңырау түскен.

Ол қабылдау бөліміне оң жақтағы оныншы қабырғасы сынған 51 жастағы әйелдің жеткізілгенін хабарлаған.

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері анықтағандай мас ерлі-зайыптылардың арасында кикілжің туындаған. Жанжал барысында ер адам азаматтық некедегі әйелін бірнеше рет ұрған. Салдарынан оның қабырғасы сынған.

Көкшетау қаласының 51 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Эльвира Келмағамбетова есімді келіншек Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында видеоүндеу жариялап, көпшіліктен көмек сұраған еді. Ол өзінің 6 жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін және 2 баласын көрмегеніне 1 жылдан астам уақыт өткенін айтқан болатын.

Бұған қатысты Нұр-Сұлтан полициясынан жауап берген болатын. Құзырлы орган 15 наурыз күні елорда тұрғыны әкесімен бірге тұратын балаларының мекенжайын анықтау үшін арыз жазғанын айтты.

"33 жастағы келіншектің балалардың әкесімен ресми түрде некеге тұрмағаны анықталды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде" ,- деді құқыққорғаушылар

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904205-koksetau-turgyny-51-zastagy-aielin-uryp-qabyrgasyn-syndyrgan/

pixel