Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бес жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық әйел Қырғызстанда ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елордалық полицейлер 2016 жылдан бері алаяқтық үшін іздестіріліп жатқан Қазақстан азаматшасын Қырғызстанда ұстады деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

46 жастағы елорда тұрғыны алаяқтықпен байланысты қылмыс үшін бес жыл іздеуде болған.

Полиция ұсталған азаматша өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, клиенттің сеніміне кіріп, алдау арқылы жалпы сомасы 12 млн теңгені қолды қылды деп есептейді.

Тергеу уақытында келіншек жасырынып үлгерген, артынша оған іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта ұсталған әйел Бішкек қаласындағы уақытша ұстау изоляторында. Оны Қазақстанға Минск конвенциясына сәйкес экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары құрылыс нысанынан ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Тергеу 26 жастағы ер адам түнде жалпы құны 3,5 млн теңге болатын 500 домкратты ұрлап кеткенін анықтаған.

Полиция қызметкерлері металл қабылдау бекеттерін тексеріп, күдікті ұрлаған затты сатқан орынды тауып, көлігінің маркасын анықтаған. Ол өз кінәсін мойындаған, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысының Жылыой ауданында 15 пәтерді тонаған күдіктілер ұсталғанын хабарлаған едік. Олар – Құлсары қаласының тұрғындары болып шыққан.

Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904213-bes-zyldan-asa-izdeude-zurgen-qazaqstandyq-aiel-qyrgyzstanda-ustaldy/

pixel