Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық бокс ардагері өмірден өтті

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Қазақстанның бокс федерациясы еңбек сіңірген бапкер Борис  Цхвирашвили қайтыс болғанын хабарлады.

"Қазақстанның бокс федерациясы отандық бокстың ардагері Борис Семёнович Цхвирашвилидің өмірден озғанын үлкен күйзеліспен хабарлайды. Бұл орны толмас қаза", - делінген федерацияның ресми сайтында.

Айта кетейік, Борис Цхвирашвили – КСРО-ның еңбек сіңірген бапкері, Қазақ КСР еңбек сіңірген бапкері. Әзірбайжан КСР-сында бокстан бірнеше мәрте чемпион атанды. Халықаралық дәрежедегі төреші ретінде танылды. Борис Семёнович Олимпиада ойындарында төрешілік етті. 

"Ол Қазақстанның бокс федерациясының атқару комитетінің мүшесі ретінде елімізде талай рет турнир ұйымдастырған. Спорттық тәжірибесі де, ұйымдастырушылық қабілеті де жоғары болды. Борис Семёнович 85 жаста еді. Ол аурудан айыға алмады. Оған қоса, ұлының қазасы үлкен трагедия болды. Ардагердің жүрегі 19 наурызда тоқтап қалды", - деді федерация өкілдері.

Қазақстанның бокс федерациясы марқұмның туған-туыстарына, жақындары және әріптестеріне көңіл айтты.

"Борис Семёнович боксты дамыту саласындағы игі істерімен, жастарда спортқа және туған еліне деген махаббат оята білуімен мәңгі жүрегімізде қалады", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904233-otandyq-boks-ardageri-omirden-otti/

pixel