Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі жолаушылар автобусы жол апатына түсті (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Нұр-Сұлтанда бүгін таңертең екі жолаушылар автобус жол апатына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Автобустың қатысуымен орын алған бірінші жол апаты Тұран даңғылында болған. Қорғалжың тас жолымен даңғылға қарай келе жатқан автобус жарық бағанына соғылып, бағанның құлауы салдарынан екінші бір көлікке зақым келген. Жол апатына көктайғақтың себеп болғаны атап өтілді.

Екінші жол апаты Тілендиев даңғылында болған. Автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жеңіл автокөлікпен соқтығысып, артынша жүк көлігіне соғылған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы келген. Автобус жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілген.

Полицейлердің мәліметінше, өткен тәулікте елордада жалпы 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушелерге үндеу жасап, жылдамдық режимі мен қауіпсіздік арақашықтығын сақтауға, қозғалыс кезінде абай болуға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904253-nur-sultanda-eki-zolausylar-avtobusy-zol-apatyna-tusti-video/

pixel