Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қандай жағдайда толық локдаун енгізілуі мүмкін

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда оңтүстік астананың толық карантинге жабылатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бүгінгі таңда бізде төсек сыйымдылығы жеткілікті, соның 50 пайыздан төмені ғана бос емес. Бізде шамамен 4 мың резерв бар, егер қажет болса оны тарта аламыз...

Егер тәулігіне 500-ден астам науқас тіркелсе, онда әрине толық локдаун енгізу мәселесі қарастырылады", - дейді Бекшин.

Еске сала кетсек, 21 наурыз бен 28 наурыз аралығында базарлардың, сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің, қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне шектеу қойылады. Тамақтану орындары тек жеткізіп беру қызметін ұсына алады.

Шаштараздар мен сұлулық салондары тек алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Маникюр, педикюр және косметологиялық қызмет көрсетуге рұқсат жоқ.

Сонымен бірге фитнес орталықтардың да қызметіне шектеу қойылады.

Сондай-ақ азық-түліктік емес дүкендердің жұмыс уақытына шектеу қойылады (10.00-ден 20.00-ге дейін). Қонақ үйлер мен демалыс базаларында адамдардың сыйымдылық саны 50 пайыздан аспауы керек.

Қоғамдық көліктер мен қалааралық маршруттар жұмыс күндері кесте бойынша жұмыс істесе, демалыс және мереке күндері қатынауына рұқсат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904287-almatyda-qandai-zagdaida-tolyq-lokdaun-engizilui-mumkin/

pixel