Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жол жабылды

Опубликовано:

жол
Көрнекі фото: sputnik.kz

Бүгін түстен кейін Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жол жабылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан Нұр-Сұлтан-Щучинск бағыты бойынша тас жолда барлық автокөлік түрінің қозғалысы шектелді. Еске сала кетсек, аталмыш бағыт таңертең сағат 09:00-да ашылған болатын. Өйткені онда түнгі сағат 00:00-ден бастап көлік қозғалысы шектелген еді.

Айта кетейік, елорданың денсаулық сақтау басқармасы бүгінгі таңда COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған реанимациялық және инфекциялық төсек-орындары толып жатқанын мәлімдеді.

"Қалада тәулігіне 300-ге тарта вирус жұқтыру тіркеледі. Қазіргі уақытта стационарларда 451 адам емделіп жатыр. Төсек жүктемесі 63%-ды құрайды. Жалпы, Нұр-Сұлтан КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін 5 мың төсек-орынға дейін әрі оған қаланың барлық медициналық ұйымдарын жұмылдыруға дайын.

Бірақ азаматтар санитарлық нормаларды сақтамайтын болса жұмсалатын ресурстардың бәрі жетпейтін болады. Егер іс осылай жалғаса берсе, біз коронавирус ауруының үшінші толқынына тап болуымыз мүмкін", - деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904327-nur-sultan-shhucinsk-bagytyndagy-zol-zabyldy/

pixel