Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалды

Опубликовано:

Мұз
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Шатырдан құлаған қар бірнеше көлікті басып қалған сәттің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Іnstagram желісіндегі astana_sergek парақшасында оқиға орнында түсірілген бірнеше видео жарияланды. Ғимарат шатырынан көлемді қар үйіндісі түнгі уақытта құлаған. Ал күндізгі уақытта түсірілген видеода автор бес көлік қар астында қалғанын айтады.  

Видеодан автокөліктердің сау-тамтығы қалмағанын байқауға болады. Ал ғимарат қабырғасында "Абайлаңыз, қар құлауы мүмкін!" деген ескерту ілінген. Желі қолданушыларының көпшілігі оқиғаның "Технопарк" өндірістік аймағында болғанын жазып жатыр.

Айта кетейік, бүгін түстен кейін Нұр-Сұлтан-Щучинск бағытындағы жол жабылды. Көктайғаққа байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан Нұр-Сұлтан-Щучинск бағыты бойынша тас жолда барлық автокөлік түрінің қозғалысы шектелді. Еске сала кетсек, аталмыш бағыт таңертең сағат 09:00-да ашылған болатын. Өйткені онда түнгі сағат 00:00-ден бастап көлік қозғалысы шектелген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1904331-nur-sultanda-satyrdan-qulagan-qar-birnese-kolikti-basyp-qaldy/

pixel