Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ас беруге тыйым салынады": Ақтөбе облысында карантин шаралары күшейтілді

Опубликовано:

Ақтөбе облысы
Көрнекі фото: spk-aktobe.kz

Ақтөбе облысы қазір коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақта. Осы орайда өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның жаңа қаулысы шықты. Оған сәйкес, бірқатар мекеменің қызметіне тыйым салынады.

2021 жылдың 24 наурызы сағат 00:00-ден бастап:

1) конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, мерекелік корпоративтерді, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

2) ас беруге;

3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг-орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстарына;

4) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

5) бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына;

6) банкет залдарының қызметіне;

7) жексенбі күні сауналардың қызметіне тыйым салынады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 1208 адамнан коронавирус індеті анықталса, олардың 39-ы Ақтөбе облысынан. COVID-19 өршіп тұрған аймақтардың қатарында Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы және Батыс Қазақстан облысы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904373-aqtobe-oblysynda-karantin-kuseitiledi/