Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде оқитын тәжік және өзбек студенттеріне РФ аумағына кіруге тыйым салынды

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: ria.ru

Ресей үкіметі эпидемиологиялық жағдай қауіпті емес деп есептелген 25 елдің студенттеріне, аспиранттарына, ординаторлорына және дайындық курста оқитындарға Ресейге оралып, оқуын жалғастыруға рұқсат берді деп хабарлайды Centralasian.org.

Ресейдің ғылым және жоғарғы білім беру министрлігінің талабы бойынша, шетелдік студенттер оқуын офлайн форматта жалғастыратыны туралы 10 тәулік ішінде хабарлауы тиіс. Олар Ресейге келер алдында 72 сағат ішінде және кіргеннен кейін 3 тәулік аралығында екі ПТР тест тапсыруы керек.

Эпидемиологиялық ахуал қауіпті емес деп есептелген Қазақстан, Қырғызстан, Катар, Әзербайжан, Армения, Беларусь секілді 25 мемлекеттің тізімінде Өзбекстан мен Тәжікстан жоқ.

БАҚ жазуынша, Ресей үкіметінің бұл шешімі тәжік билігінің наразылығын туғызып отыр.

"Орыс билігінің бұл шешімі бізді таң қалдырды. Керісінше эпидемиологиялық жағдай Тәжікстан мен Өзбекстанда жақсы. Бірақ бұл екі өлке тізімге кірмей қалған", - деп жазылған Тәжікстанның "Ховар" ұлттық ақпарат агенттігінің 21 наурызда жарияланған мақаласында.

16 наурызда Душанбеге Ресейдің "Роспотребнадзор" мекемесінің әдістері өлкедегі коронавирусқа байланысты жағдайға баға беру үшін барған.

Ресми мәлімет бойынша, Ресейдің жоғары оқу орындарында 26 мыңға жуық тәжікстандық студент білім алады. Коронавирус пандемиясына байланысты олардың көбі қашықтан оқып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904407-reseide-oqityn-tazik-zane-ozbek-studentterine-rf-aumagyna-kiruge-tyiym-salyndy/