Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда жүйткіп келе жатқан пойыз шұғыл тоқтауға мәжбүр болды

Опубликовано:

Темір жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында Camry автокөлігі теміржол өткелінде пойыздың жолын бөгеп тұрып алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Оқиға Павлодар облысы Шарбақты ауданының Алексеев өткелінде болған. Көлік жүргізушісі пойыз машинисінің ескерту сигналына қарамастан, теміржолды бөгеп тастайды. Тек пойыз жақындаған кезде ғана орнынан қозғалды. Осылайша, ол апат тудыра жаздады.

Қазақстанның көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова Sputnik Қазақстан тілшісіне көлік жүргізушісінің ұсталып, Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөліміне тапсырылғанын хабарлады.

Енді тәртіп сақшылары жағдайға не себеп болғанын анықтайды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 607-бабы бойынша (теміржол өткелдерінен өту ережелерін бұзу) автокөлік жүргізушісінің кінәсі анықталса, 10 АЕК мөлшерінде (29 170 теңге) айыппұл салынады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында қолайсыз ауа райына байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ұшақтардың ұшып-қонуы қайта жанданды.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Анвар Шалекенов жеткізді. Оның сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы жұмысын қайта бастаған.

"Ұшу-қону жолағы ашылды, дегенмен сегіз рейс уақытша тоқтатылған. Ақпаратты алдын ала колл-орталықтардан, әуежайдың анықтама орталығынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады", - деді Анвар Шалекенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904500-pavlodarda-zuitkip-kele-zatqan-poiyz-sugyl-toqtauga-mazbur-boldy/