Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 жасар бала аман қалған: Ақтөбеде жол апатынан бір үйдің үш адамы қайтыс болды

Опубликовано:

Жол апаты
Көрнекі фото: "Ақ Жайық" басылымы

Ақтөбеде жантүршіктірерлік жол апаты орын алып, төрт адам қайтыс болды. Оның үшеуі бір үйдің адамдары деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қайғылы оқиға 24 наурыз күні "Қандыағаш-Ембі-Шалқар" бағытында тіркелген.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Лада-Приора" автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Ізімбет кентінің маңында алдындағы көлікті басып озбақ болып, қозғалыстың қарсы бағытына шыққан. Сол мезетте соқтығысып қалған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 32 жастағы әйел, 14 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды, ал 3 жасар қыз Ембі қаласының орталық ауруханасына жатқызылған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, көлікте бір отбасының адамдары болған.

"Сонымен қатар, басқа көліктің жүргізушісі мен 6 жолаушысы Ембі қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Екінші көліктегі 51 жастағы жолаушы есін жимастан қайтыс болды. Жол көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",- деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол жүру ережелерін сақтауға шақырады.

Еске сала кетсек, Алматы облысында көлік жылқымен соқтығысып, салдарынан бір адам қайтыс болған еді.

22 жастағы көлік жүргізушісі Сарыөзектегі ауруханаға жеткізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1904644-3-zasar-bala-aman-qalgan-aqtobede-zol-apatynan-bir-uidin-us-adamy-qaitys-boldy/

pixel